Табысқа жетуге арналған 10 кеңес
Әлемнің ең табысты адамдары өз балаларына қандай кеңес береді екен? Сізге де осы сауалдың жауабы қызық па? Ендеше, 6 жасында бизнес ашқан адамның бірнеше нұсқауын оқыңыз. Инвестор әрі саяхатшы Джим Роджерс «Балаларыма өсиет. Әкенің өмір сүру және табысты болу туралы сабақтары» («A gift to my children. A father’s lessons for life and investing») атты кітап жазған. Роджерс еңбекте қыздарына тіл қатқанда өзінің басынан кешкен оқиғаларды, инвестициялық тәжірибелерін, өз әкесінің өсиеттерін қосып отырады. Ал Forbes басылымы аталған кітапты оқып, оның ішінен 10 үздік кеңесті таңдап алады да, тек қана бала үшін емес, ата-ана үшін өте керекті деп тауып жариялап отыр.
1. Мен өз бизнесімді 1948 жылы алты жасымда аштым. Бәлкім, сіздер бұл жасты кәсіпкерлік үшін лайықты деп таппайтын шығарсыздар, алайда, бірнәрсе жасағың келсе, жастың ешқандай қатысы жоқ. Мен балалармен бірге бейсбол ойнаудың орнына бөтелке жинап, тиын-тебен таптым. Әкем өз ісімді бастау үшін 100 доллар ақша ұсынғанда қуана келістім. Ол кезде 100 доллар деген шынашақтай бала үшін үлкен қазына болатын. Уақыт созбай, арахис қуыруға арналған аппарат сатып алып, табыс таба бастадым. Балалар лигасына барып, сусындар мен жаңғақтар сатумен айналыстым. Ойын кезінде қатарлардың арасымен жүріп, барынша көп сауда жасауға тырысатынмын. Ісім оңға баса бастағанда, бауырларымды тарттым. Бес жылдан кейін әкеме 100 долларды қайтарғанымда, банктегі есебімде 100 доллар бар болатын. Егер сізді бір іс қызықтырған болса, жасты сылтау етіп тоқтамаңыз.
2. Табыс туралы армандаған адамның алғашқы қадамы қандай болу керек? Жауап қарапайым: көптеген істің «дәмін татып көріңіздер», сонан кейін шын мәнінде жаныңыз қалаған, ләззат алған салаңызға тоқтаңыз. Тағам әзірлеуді ұнатсаңыз, мейрамхана ашыңыз. Оңайға соқса, бимен айналысыңыз. Жаныңыз тартып тұрса, бақ отырғызыңыз. Бәлкім, бір күні гүл дүкенін ашу туралы идея пайда болар. Табысқа бастар ең жылдам жол – өзіңе ұнайтын істі табу және жан-тәніңмен берілу.
3. Өзіне ұнамайтын жұмысты істейтін, бірақ одан келетін табыстан бас тарта алмайтын адамдарды ең бақытсыздар қатарына жатқызар едім. Жүрек қалауына құлақ асатын адамдар жай ғана жұмысқа барып келмейді. Олар әр таң сайын сүйікті ісіне жеткенше асығады. Жақсы көретін жұмысыңыз сізді алтынмен аптап қоймаса да, жан дүниеңізді байыта түседі. Қысқасы, бақыттысыз. Ал бақытқа баға беруге болмайды.
4. «Өмір» атты саяхатыңыз қаншалықты ұзақ болған сайын, соншалықты көп бұрылыс болады. Әрбір соқпақта түрлі адамды кезіктіресіз. Әрине, түрлі пікір болады. Әлемде қанша адам болса, сонша пікір бар деген сөз бекер айтылмаған. Олар сізге өзіңді ұстау ережелерін, не оқу керек екенін, жейтін тағамдарды, ақшаны жұмсау жолдарын үйретеді. Біреуден естіген немесе оқыған пікірлермен соқыр күйде келісе қоймаңыз. Тіпті, бұл пікірмен барлық адамдар жүрсе де, бірден бұрылмаңыз. Әрдайым, альтернативті нұсқаларды қарастырыңыз. Қоғамдық ортада кең таралған нормалар көбіне жалған болып шығады.
5. Егер айналаңыздағы адамдар сіздің ойыңызды өзгерткісі келсе немесе идеяларыңызды ашық түрде келеке етсе, оған позитивті түрде қараңыз. Әрине, ағысқа қарсы жүзу қиын, бірақ табысты адамдардың тәжірибесі дәл осы нәрседен басталған.
6. Болашаққа қараңыз. Аяғыңыздан шалған нәрсеге байланып қалмаңыз. Қанша уақыт, күш, ақша кеткені маңызды емес, кеткен нәрсе келмеске кетті. Қалған өмірде сәттілікке жеткіңіз келсе, өзіңіз сенімді болған нәрсеге ғана тәуекел етіңіз.
7. Алдыңыздан «О дүниеге байлығыңды бәрібір әкете алмайсың!» сынды кеңес айтатындар шығады. Дүниенің өткінші екенін еске салатындардың болғаны қандай жақсы. Бірақ сіз мақсатыңыздан бас тартпауыңыз керек. Қартайғанда күніңіз басқаға қарап қалудан, өзге қатарластарыңыздың соңында қалып қоюдан қорықсаңыз, жағдайыңызды жасаңыз. Қолыңызда қаражат болса, қаншама адамға көмек қолын соза аласыз. Бастысы, ақшаға құл болудан сақтану және ысырапқа жол бермеу. Бұл дүниедегі ең маңызды нәрселерді ұмыттырып, «апатқа» әкеледі.
8. Көп адам қателікті өзін қызықтыратын нәрсені аяғына дейін зерттемеуден немесе болжамының дұрыс болмауынан, толық болмауынан жібереді. Мәселені екі шұқып, бір қарап зерттеу ғана дұрыс шешім қабылдауға жеткілікті білім бере алады. Мұндай қадам көп күш пен ыждаһаттылықты талап етеді, есесіне бәсәкелестер алдында абыройға ие боласыз.
9. Экономика мен қаржы нарығының екі бөлек нәрсе екенін ешқашан ұмытпаңыз. Адамдар жаңалықты ести сала абыр-сабыр болып, асығыстықпен сатып алуға кіріседі немесе сатады да, ыңғайсыз жағдайға ұрынады. Есіңізде болсын, есірік кезде сату керек, ал байбалам кезде сатып алу керек
10. ХХІ ғасырда сағат, сәт сайын аса мол жаңалықтар келіп жетеді. Оның көпшілігі тексерілмеген, дұрыс емес көздерден екенін біліңіз. Мені маңызды шешім қабылдау керек болып тұрған тұста жеке өзі тексеруге уақыт таппайтын адамдар таңғалдырады.