Сол жағалаудың түтіні
Кешелі бері қаланың сол жағалауынан түтін көрінді. Кәсіпқой фотографтар бұл көріністі де қалт жібермей, суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Әрине, сүйіншілеп. Жаңа қоныстың менмұндалаған ұзын мұржасынан шыққан түтін қарашаның қатты аязын жібіткендей әсер берді. Жалпы қазақ түтіннің шығуын жақсылыққа балаған емес пе?! «Түтіні түзу» деп берекелі елді айтса, отбасы сөзін кейде түтінмен алмастырған.Қысқасы, сол жағалаудан шыққан түтін дарияның ар жағына қоныс тепкен жаңа қаланың берекелі тіршілігінің белгісіндей көпті қуантты...
Шыны керек, көп көкейінде «Сол жағалауға жылу қалай барады?» деген сұрақ жоқ емес. Уақыт көшінен қалмай, сол жағалауға көш басын бұрғандар саны артпаса кеміген жоқ. Жаңа нысан күн сайын көбейіп келеді. Жаңа қаланың инфрақұрылым жайының ішінде өзектісі жылу жеткізу болса, сол жағалауда жаңа жылу орталығы салынып, іске қосылғанына да көп бола қойған жоқ. Жаңа нысанның жайын көзбен көру үшін сол жағалауға бұрылдық.
Сол жағалауды жылумен қамтамасыз ететін жылу орталығы біз ойлағаннан да өзгеше болып шықты. Мұнда үсті-басы май-май, күйелеш болып жүрген ешкім жоқ. Тіпті мүлгіген тыныштық десек те болады. Жылу қазандықтарының гүрілдеген даусы ғана. Түскі үзіліс уақытында оператор Евгений ғана гүрілдеген қазандықтардың жұмысын бір бақылап қойып отыр екен. Жаңа нысандағы су жаңа жабдықтардың келгеніне қуанған оператор бізге жұмыс барысын таныстырды.
– Мұндағы жабдықтар түгелімен су жаңа, Германиядан және Италиядан әкелінген. Мұндай цифрлық технолиямен жабдықталған жылу нысаны Қазақстан бойынша жалғыз бізде ғана. Қазір мен температура, жылу қысымы, су жайын сырттай бақылап отырмын. Мына шағын экранда жылу деңгейі қандай екені көрсетіліп тұр, – дейді ол.

Айта кетелік, жылу нысанының құрылысы 2018-2020 жылға жоспарланған. Бүгінде жылу орталығының бірінші кезеңі, яғни бу қазандығына арналған ғимараттың құрылысы аяқталған. Бу қазандығына қажетті жоғарғы қысымды газ құбырлары, ауыз су құбырлары тартылып, қазандықты монтаждау, ғимараттың ішкі бөлмелерін салу, ішкі құбырларын жүргізу жұмыстары аяқталған.
– Үш жылға жоспарланған құрылыс жұмысының алғашқы кезеңін «Ария Жаңа Астана» ЖШС жүргізіп, бүгінде толығымен аяқталды. Бүгінде жылу орталығы 32 көпқабатты үй мен екі әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етуде. Орталық құрылысының екінші кезеңі толық іске қосылғанда сол жағалаудағы жаңадан салынып жатқан ғимараттарды жылумен қамтамасыз етеді. Мұндағы 1 қазандықтың өзі 100 үйді жылумен қамтамасыз ететіндей мүмкіндігі бар. Жалпы, бұл жылу орталығы сол жағалауды түгел жылумен қамтамасыз ететіндей перспективалық жоспармен салынуда, – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Пахуатдин Шамұратов.
Г.Мағлұмқызы,
Суреттерді түсірген Н.Нұржаубай
Суреттерді түсірген Н.Нұржаубай