Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сәулелі, шұғылалы сол жағалау

Сәулелі, шұғылалы сол жағалау

Сырдарияны жағалай орналасқан Қызылорда бүгінде келген қонақтарды ғана емес, тұрғындарды да өзіне баурап алған. Облыс орталығы өзен жағалауымен, зәулім де әсем ғимараттармен ерекше көзге түседі. Жалпы 1867 жылы қала атауын алған мекенде өткен ғасырдың
80-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан мен А.Тоқмағамбетов көшелерінде алғашқы сәнді үйлер мен биік ғимараттардың іргетасы қаланған. Сол жылдардан бері Қызылорда жыл санап жаңа кейіпке еніп, қаланы көркейту жолындағы жұмыстар тоқтаған емес. Соның ішінде Сырдарияның сол жағалауын игеру жұмыстары қарқынды жүруде.
Бүгінде Сырдария өзенінің сол жағалауында алыстан-ақ көздің жауын алатын «Болашақ» университетінің ғимараты мен заманауи үлгідегі ІТ-паркі бар жастар ресурстық орталығы орналасқан. Сондай-ақ сол жағалауда 2234 пәтері бар жалпы саны 48 көпқабатты үй бар. Одан бөлек, 700 оқушыға арналған жеке мектеп және 320 орындық балабақша да осында. Ал сонау 1925 жылы Қырғыз АССР-нен Қазақ АССР-і деп өзгерту туралы шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару Комитетінің ғимараты бүгінде қайта жаңғыртылып (сызба негізінде қайта салынған), «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық музей жұмыс істеуде.
Жалпы сол жағалаудағы жаңа қала құрылысы Бас жоспарға сәйкес 2017 жылы бастау алған. Бүгінде бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жоспар бойынша сол жағалаудың 1532 гектарын игеру жолға қойылған. Оның 367 гектарында демалыс аймағы болса, 537 гектары тұрғын үйлерге есептелген. Сауда және кеңсе ғимараттарын салуға 190 гектар, ал әлеуметтік инфрақұрылымға 270 гектар жер бөлінген. Ауданы 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып, соның 1 миллионы 2025 жылға дейін жобаның бірінші кезеңі аясында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде алдағы 5 жылда 50 мың тұрғын қоныс тойын тойласа, жоба соңында жалпы саны 150 мың тұрғын баспаналы болмақ.
Жоба бойынша қаланың жаңа аумағында 16 мектеп пен 12 балабақша салынбақ. Бұдан бөлек 4 денсаулық сақтау мекемесі, яғни 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухана,¬ отбасылық медицина орталығы және облыстық қан орталығы халыққа қызмет ететін болады. Одан өзге облыстық музыкалық драма театр, неке сарайы, мәдени-спорттық және әлеуметтік нысандар сол жағалаудан бой түземек.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ

03 қараша 2020 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам