Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мұқтаж жандарға баса мән беріледі

Мұқтаж жандарға баса мән беріледі

Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші — әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы — әлеуметтік әділдік», — деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән берілетіндігін айтты. «Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

25 қараша 2020 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам