Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КІШІ ӘКІМДЕР НЕГЕ СЫН ЕСТІДІ?

КІШІ ӘКІМДЕР НЕГЕ СЫН ЕСТІДІ?

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ақсуат және Қосшыңырау ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары тыңдалды.
Сонымен қала басшысы қос ауыл әкімінің жұмысына қандай баға берді?
        
Мақтаулы әкім неге сыналды?

Соңғы екі жыл қатарынан облыс бойынша «Үлгілі ауыл» мен «Өркенді ауыл» атағын иемденген округ әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаевтың есебіндегі атқарған ісіне шаһар басшысының көңілі толмады. Өйткені Ақсуат ауылындағы 16 көшені күрделі жөндеу жұмыстарынан мәселе бары белгілі болды. Оған қоса мердігер мекеменің жұмысы сапасыз болып шықты. Ауылдағы жол салу жұмысының сапасыздығын байқағандар бұл мәселені қала басшысына дейін жеткізген.
Сондай-ақ кәсіпкерлікке байланысты жобалардың аздығына ескертпе-сын айтылды. Яғни жыл соңына дейін Ақсуаттың әкімі жаңа жобаларды енгізу керек.



Әкім Таубай неге орындай алмады??

Келесі мәселе бойынша Қосшыңырау ауылының әкімі Д.Таубайдың баяндамасы тыңдалды. Шаһар басшысы ауыл әкімінің жұмысына көңіл толмаушылық білдірді. Себебі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған тірлік толымды емес. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша да жоба өте аз. Округ бойынша салық түсімі де толық орындалмаған.
Егер осы жұмыстарды жыл соңына дейін талапқа сай орындай алмаса, ауыл әкімін басқалай «сый» күтіп тұр...

(Мақаланың толық нұсқасын газеттен оқитын боласыздар)

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ
25 қараша 2020 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам