Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ескі айып, жаңа іс

Ескі айып, жаңа іс

Апта басы Парижде жағымсыз жаңалықпен басталды. Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің үстінен парақорлық және заңсыз қысым көрсетті деген күдікпен іс қозғалуда. Бес жыл ел тізгінін ұстаған экс-басшы 1 млн евро айыппұл арқалауы немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға туралы «The Wall Street Journal» басылымы «Экс-басшының ісі басталды» атты мақала жариялады. Авторы – Ноэми Биссерб.
Мақалада істің мұншалық насырға шабу себебі мен Саркозидің сотқа дейінгі әрекеті сөз болады. Тіпті заңсыз қадамға қатысы бар деген күдікпен атақты L'Oreal компаниясы мен Франция Кассациялық сотының қазысы Гилберт Азиберттің есімі аталған.
«23 қарашада бұрынғы ел президенті Николя Саркозидің сот ісі басталды. Саркози 2007 жылғы сайлауалды компаниясы туралы полиция тергеуінің құпия дерегін алу ниетімен магистратқа пара бермек болды деп айыпталған. Прокуратура экс-басшы биліктен кеткен соң Гилберт Азиберттің Монако княздігінің сот жүйесіне билік жүргізуіне ықпал жасады деген күдік артуда. Сол арқылы жең ұшынан жалғасып, сайлау компаниясына қатысты істі қолына түсірмек болған. Себебі бұл істе ауқатты L'Oreal компаниясының егесі Лилиан Беттанкур Саркозидің сайлауалды компаниясына қаржылай қолдау білдірді деген күдік бар».
Дүйсенбіде басталған сот ісі көпке ұзамаған көрінеді. Сот қазысы айыпталушы Азиберттің медициналық тексерістен өтпеуі себепті істі кейінге жылжытқан. Белгілі болғандай, Саркози ісі жыл соңына дейін жалғасатын болады. Телеарнаға берген сұхбатында экс-президент тағылған айыптың негізсіз екенін және әділдік үстемдік құратынына сенім білдіруде. Сот қазысы да істің байыбына барып, бар дәлелді саралауға ден қойған. Себебі Саркози биліктен кеткенімен елдегі консервативті партиялар арасында беделге ие.
«2013 жылы Саркози аталған айыптан ақталып шыққан еді. Бұл жолы тергеушілер саясаткердің телефон әңгімесін ашу арқылы жаңа айғаққа қол жеткізген көрінеді. Сондықтан алда не күтіп тұрғаны белгісіз. Экс-президент болса тағылған айыпты мойындамай отыр». 

Ерсін ШАМШАДИН

28 қараша 2020 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам