Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазалыда полиция заңсыз ойын бизнесіне байланысты қылмыстық істі жасырған

Қазалыда полиция заңсыз ойын бизнесіне байланысты қылмыстық істі жасырған

Қызылорда облысы Қазалы ауданында заңсыз ойын бизнесін жүргізген азаматқа қатысты қылмыстық іс полиция тарапынан жасырылған. Бұл оқиға Қазалы аудандық прокуратурасы тарапынан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

удандық полиция бөлімі заңсыз ойын бизнесі арқылы жеңіл жолмен ақша тапқан жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Оқиға орнын тексеру барысында заттай дәлел ретінде ойын бизнесіне арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Дегенмен аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан құқық бұзушылыққа жол берілген. Онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркелмей, қылмыс жасырылған. Аудандық прокуратура тарапынан қолға алынған жұмыстар нәтижесінде бұл қылмыс ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі анықталды. Қылмыстық іс бойынша Қазалы аудандық соты үкім шығарды. Жазаға тартылған тұрғынға 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Қазалы аудандық прокуратурасы аудан көлемінде заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу және алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Прокуратураның бастамасымен жүргізілген шаралар нәтижесінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 8 қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданып, сот үкімімен кінәлілер тиісті жазасын алды», - деп мәлім етті Қазалы аудандық прокуратурасы.
04 қыркүйек 2019 ж. 973 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам