Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сот жүйесіне енгізілген өзгерістер аясында соттың оң бейнесін қалыптастыру бағытында ,заңдарға ,кодекстерге енгізілген өзгерістер

Сот жүйесіне енгізілген өзгерістер аясында соттың оң бейнесін қалыптастыру бағытында ,заңдарға ,кодекстерге енгізілген өзгерістер

        Қазақстандық судьялардың міндеттері мен заңмен өзгертілетін болды. Енді олар түрлі зерттеулер жүргізіп ,айғақ –дәлелдер сұрата алады. Осы мәселе  бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында көтерілді.
        Қазақстандық соттар бір жылда 6 миллион іс қарайды .Оның жартысына жуығы азаматтық істер. Шығарылған  үкімге екі тараптың қатар келісуі, соған көнуі неке-саяқ әрине. Әр-кез шағым айтушы жақтың болары анық. Десе де депутаттар жүйеге деген көптің сенімі жоқ деп санайды. Үлкен  өзгеріс керек деп отыр.
        Осындай сауатсыз шешімдерді жою үшін жоғарғы сот заңға түзету енгізуді ұсынып отыр. Яғни судьялардың құзіреті өсірілмек. Тек прокурор мен қорғаушы ұсынған айғақтармен шектелмей өзге де дәләлдер сұрата алады.
        Сондай-ақ ,судья отырыстан соң қос тарапқа шешімнің қандай дәлел –дәйекке  сүйеніп шығарылғанын  түсіндіріп беруге міндетті болады. Бұл, сот әділдігіне күмәнді сейілту үшін аса маңызды деп отыр мамандар.
       Заң жобасының негізгі мақсаты халықтың сотқа деген сеніміне селкеу түсірмей, абыройын арттыру әділ жүйе орнату. Заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда бекітті. Жаңа заңнаманың жаңалығы аз емес. Соның бірі-сотқа қатысушы ретінде аудармашының, сот приставының рөлі белгіленді. Процеске қатысушылардың техникалық құралдарды пайдалану тәртібі реттелді. Енді соттар қатысушыларға азаматтық және әкімшілік істер бойынша талқылаудың тек аудиожазбасын беретін болды. Ал, аудио, бейнежазба материалдарымен танысу құқығы сақталды.  Айтып кеткен шаралардың бәрі халық игілігі, оларды әуре-сарсаңға салмай, құқықтары мен бостандықтарын әділ қорғау үшін жасалуда.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы
Р.Жиенбаева
12 қараша 2020 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам