СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Балшекер Өтегенова Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті. Отан алдындағы азаматтық парыздарын ядролық сынақ алаңында өтеген азаматтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигонының жабылуы – ел үшін тарихи шешім болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы егемен еліміз әлемге бейбітсүйгіш халық ретінде танылды. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – ядролық қарудан түбегейлі бас тартқан, әлемдік қауіпсіздікті сақтау бағытында бастама көтерген беделді мемлекетке айналды. Адамзат баласына зор қауіп төндірген полигонның ауыртпашылығымен бетпе-бет келу арқылы Сіздер Отанымыздың патриот азаматы екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Ел алдындағы азаматтың міндеттеріңізге адалдық танытып, Семей ядролық полигоны зардаптарын болдырмау бағытында қажырлы еңбек сіңірдіңіздер. Сол себепті, Сіздерді өскелең ұрпаққа үлгі етеміз, Туған жердің елжанды азаматы деп мақтан тұтамыз,-деген Балшекер Сұлтанбекқызы ардагерлерге Құттықтау хат пен жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлердің атынан Б.Сауытбаев, Ж.Құтыбаев сөз сөйлеп, көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі