Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫН ӨРТСІЗ ӨТКІЗЕЙІК

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫН ӨРТСІЗ ӨТКІЗЕЙІК

   Жыл сайын жылу беру маусымы басталысымен тұрғын үйлерде және пәтерлерде тұрмыстық өрттер орын алады, көбінесе олардың себептері жылыту құралдарын, пешті падалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу салдарынан, электр желісінің қысқаша тұйықталуынан болады.
2017 жылғы жылу беру маусымының басынан /яғни 15 қазаннан/ бастап тіркелген 37 өрт тұрғын жай ғимараттарында болған, өрт салдарынан 1 адам қаза болып, 1 адам жарақаттанды.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» профилактикалық маусымдық іс-шарасын ұйымдастыруда және өткізуде. Оның негізгі міндеті – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында нысандарды күзгі-қысқы кезеңде жылыту маусымына дайындау және өткізу болып табылады.
Профилактикалық іс-шараларды өткізу аясында пештер мен басқа да жылыту құралдарын пайдалану ережесі туралы нұсқаулықтар өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы халықты ақпараттандыруға, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мәселелері бойынша көрнекі үгіт-насихат құралдарын орналастыруға баса назар аударды.
Өткен жылыту маусымы кезеңінде Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мамандары әлеуметтік саладағы нысандағы қызметкерлеріне, тұрғын үй-коммуналдық саласы жұмысшыларына, басқарушы және қызмет көрсетуші ұйымдарға 177 нұсқау өткізді. 35-тен астам көрнекі үгіт материалдары орналастырылды. Оның 21-і биллбордтар, 6 аншлаг, 8-і өрт қауіпсіздігі бұрышы. Иесіз қалған құрылыстар мен басқа да орындарда және белгілі тұрағы жоқ адамдар болуы ықтимал мекен-жайларда өрттің алдын алу рейдтік іс-шаралары жүргізілді.
Бақылау-профилактикалық жұмыс өз нәтижелерін беруде. Сонымен қатар жылыту кезеңінің басталуына қарай ауылдық округ әкімдігі және «АлауГазАймақ» ЖШС жұмысшыларымен бірге Махамбетов ауылында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар тұрғын үйлерінің жылыту пештерінің мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілді.
29 қараша 2017 ж. 1 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 039 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам