Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫТАЙЛЫҚ МИЛЛИОНЕР ҮШ ЖЫЛДАН БЕРІ КӨШЕ ТАЗАЛАП ЖҮР

ҚЫТАЙЛЫҚ МИЛЛИОНЕР ҮШ ЖЫЛДАН БЕРІ КӨШЕ ТАЗАЛАП ЖҮР


Қытайдың Чунцин қаласында тұратын бизнесмен-миллионер Чжун Цунжун үш жылдан бері көше тазалап, қоқыс жинап жүр. RT арнасы осы ерекше миллионер туралы сюжет түсірді, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі.
51 жастағы Чжун Цунжун - жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп және автомобиль сату саласындағы кәсіпкер. Оның айтуынша, адам қызметінің жоғары екеніне қарамастан, қоршаған ортасына пайдалы әрекеттер жасауы тиіс.
Бизнесменнің үш жылдан бері көше тазалап, қоқыс жинауына 2015 жылы аралда кездестірген Цинхуа университетінің профессоры себепші болған. Әлгі профессор төрт жылдан бері жағажайды қоқыстан тазартып келген. Кезекті демалыстан оралған соң бизнесмен осы профессордан көргенін жасай бастаған.
Бай қытайлық, тіпті, жақын маңдағы мейрамханаларға барып, қоршаған ортаны таза ұстау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастаған. Чжун өзінің қызметкерлерін де осылай жасауға шақырады.
07 қаңтар 2018 ж. 1 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 257 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам