ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫНА МӘН БЕРІЛУДЕ

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментің қызметкерлері жұмылдырылып, адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау аясында өрт қауіпсіздік шараларын өткізіп келеді. Оның ішінде: тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі және көмірқышқыл газына уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.