ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі Мұстафа Шоқайдың туған күніне орай Шиелі ауданында Мұстафа Шоқай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шарада аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, Шиелі ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Қалдыбай Сүгірбаев сөз алып, ел арысы Мұстафа Шоқай өзінің бүкіл ғұмырын, күллі қажыр-қайраты мен ақыл-ойын туған халқының ғана емес, түбі бір тұтас түркі жұртының өз алдына дербес ел болу жолына арнағанын, азаттықты, тәуелсіздікті, түркі баласының тұтастығын аңсап өткен тұлғаның асыл арманы орындалғанын айтты. Мұнан соң салтанатты түрде Мұстафа Шоқай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.