Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТІЛ – БАРЛЫҚ БІЛІМНІҢ КІЛТІ

ТІЛ – БАРЛЫҚ БІЛІМНІҢ КІЛТІ


Қызылорда қаласындағы «Ер Тарғын» балабақшасында «Тіл – барлық білімнің кілті» тақырыбында ересектер тобы бүлдіршіндерінің арасында «Үй жануарлары мен жабайы аңдар» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Бұл шара үш тілде оқытудың бірлігін жүзеге асыру, оқытудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолдана отырып, ересек жастағы балалардың ағылшын тілі мен орыс тілін қатар үйрену қабілетін дамытып, қарапайым сөздік қорларын молайтып, лидерлікке тәрбиелеу мақсатында қолға алынды.
Оқу қызметі барысында бүлдіршіндер екі топқа бөлініп, интербелсенді тақтадан үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығы мен тіршіліктері туралы «Кім көп біледі?» ойын тапсырмасы арқылы балалар өздері білетін жануарлардың аттарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтты.
Шараға тілдер патшалығынан білім ханшайымдары келіп, бүлдіршіндерге үш тілде «Төлдерін тауып ата?», «Жануарларды санайық», «Не қайда мекендейді?» тақырыбында ойындар ойнап, қызығушылығын орындады.
Тапсырма барысында бүлдіршіндер үш тілде жануарлармен олардың төлдерінің аттарын атап, түстерін ажыратты және интербелсенді флипчарт ойындарын қызығушылықпен ойнады.
Мұндай атқарылған іс-шара бүлдіршіндердің тұлғалық тілдік мәдениетінің қалыптасуына, олардың тілдерге деген жеке қабілетін айқындап, бүлдіршіндердің үш тілде сөйлеуін дамытуға ықпал етеді.

06 қаңтар 2018 ж. 2 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 523 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам