"СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Бүгін аудан әкімі Ғанибек Қазантаев пен аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атағын табыс етті.
Олардың қатарында мәдениет саласынан Жантемір Айсин, ауыл шаруашылығынан Рысбай Мырзатаев, Өмірзақ Сәдуов, Құдайберген Әзбергенов, Пернебек Әлиакбарұлы, журналист-жазушы Несібелі Рахметова, ғылым саласынан Ғалым Байманов бар.