Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӨРТ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ТӨРТ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ


Бүгін Жаңақорған ауданының əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев пен Аққорған, Қожакент, Өзгент, М.Нəлібаев ауылдық округ əкімдері жəне жергілікті полиция қызметінің басшысы Ербол Тоқанұлы Əлімбетов жоғарыда аталған ауылдық округ тұрғындарына 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Есепті кездесуде Аққорған, Өзгент ауылы тұрғындары ауылішілік жолдарды жөндеу, көше жарығы, автокөлік жүргізушілеріне арналған жол белгілерін қою жөнінде сұрақ қойды. Ал, Өзгент ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Абдукаримов клуб үйіне күрделі жөндеу, М.Нəлібаев ауылдық округінің тұрғыны Серікбай Сұлтанов ауылға кіре берісіндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды ескере отырып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Қожакент ауылдық округінің тұрғыны Тұрғанбаев Бекмұрат Қожакент ауылдық округіндегі №168 орта мектебіндегі оқушы саны бүгінгі таңда артып отырғандығы жайында жəне алдағы уақытта жаңа мектеп қажеттілігі жөнінде ұсыныс білдірді. Аталған ұсыныс бойынша аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев "Биылғы жылдың өзінде Жаңақорған кенті орталығына 4 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде, егер шын мəнінде Қожакент ауылына жаңа мектеп қажет болса, тез арада жобалық сметалық құжатын жасатуымыз қажет жəне үлгергенімізше биыл құрылысын бастауға болады" деп жауап берді.
16 қаңтар 2018 ж. 1 700 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам