ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Есепті кездесуде Аққорған, Өзгент ауылы тұрғындары ауылішілік жолдарды жөндеу, көше жарығы, автокөлік жүргізушілеріне арналған жол белгілерін қою жөнінде сұрақ қойылса, Өзгент ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Абдукаримов Калхоз - клуб үйіне күрделі жөндеу, М.Нəлібаев ауылдық округінің тұрғыны Серікбай Сұлтанов - ауылға кіре берісіндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды ескере отырып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, Қожакент ауылдық округінің тұрғыны Тұрғанбаев Бекмұрат - Қожакент ауылдық округіндегі №168 орта мектебіндегі оқушы саны бүгінгі таңда артып отырғандығы жайында жəне алдағы уақытта жаңа мектеп қажеттілігі жөнінде ұсыныс білдірді. Аталған ұсыныс бойынша аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев "Биылғы жылдың өзінде Жаңақорған кенті орталығына 4 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде, егер шын мəнінде Қожакент ауылына жаңа мектеп қажет болса тез арада жобалық сметалық құжатын жасатуымыз қажет жəне үлгергенімізше биыл құрылысын бастауға болады" деп жауап берді.
http://syrboyi.kz