Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СПОРТ - ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ 

СПОРТ - ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ 

  «Есірткісіз болашақ» жобасы аясында «Спорт – есірткіге қарсы» атты жалпы білім беретін мектептерде білім алушы оқушылар арасында спорттық жарыстың ашылу салтанаты бүгін №201 мектеп-лицейде өтті.
Аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп отырған спартакиаданың мақсаты - жастар мен жасөспірімдерді зиянды, келеңсіз заттар ықпалынан спорт арқылы алдын алу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, құқық бұзушылықты болдырмау, достық қарым-қатынастарын нығайту, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады. Жарыс қаңтар мен мамыр айларында Жалағаш кентінде 3 аймақ бойынша спорттың 4 түрінен (тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, шағын футбол, жеңіл атлетика) өткізіледі. Жарысқа жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары қатысуда. Ашылу салтанатының алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов алып, ауданымыздағы спорт саласындағы жеткен жетістіктерімізді саралап, спартакиадаға қатысқалы отырған барлық спортшыларға сәттілік тіледі. Шарада спорт саласының ардагері Б.Төлеков және жарыстың бас төрешісі сөз алып, спартакиаданың алғашқы спорт түрі тоғызқұмалақ сайысының шарттарымен таныстырып өтті. Аталмыш сайысқа ауданымыздың 20 мектебінен 60 оқушы қатысуда.
19 қаңтар 2018 ж. 1 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам