ҒАСЫР ДЕРТІНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР

Басты мақсаты – аталмыш саласындағы қызметкерлердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыра отырып, оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, қатерлі дертті болдырмау, алдын-алу болып табылды.
Сондай-ақ, онда республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, оның алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына, білім саласына тигізетін әсері, аймақ көлемінде оқушылар мен мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы айтылды. Сонымен қатар, ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Қарымсақова, дәрігер-әдіскері Ж.Қыстаубаева, педагогы Н.Смағұловалар баяндама жасады. Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.