ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР
Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Өнерге қанат қаққандар» атты кездесу кеші өткізілді.
Оған Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық музыка мектебінен түлеп ұшып, бүгінде республикамыздың жоғары оқу орындарында музыкалық білім алып жатқан студент-шәкірттердің қатысты.
Өнерпаздар кешіне ұлттық өнердің ұлықтаған Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қатысты. Кеште түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары Шөмекей Рүстем, Жұбандық Нұрбақыт, Серғазы Әсел, Сәрсенбай Гүлболған, Әліш Бибарыс, Шарапатдин Нұрсұлтан, Жарас Аружан, Амангелді Гауһар, Сыздық Бағлан, Сәндібай Айдын, Бекмырза Сұлтан, Алдан Жахангер, Нұртуған Ұлдана, Ысқақ Күмісбек секілді өнерпаз жастар өз өнерлерін көрсетті.
Шара соңында қазақтың халық ән-күйлері мен шетел композиторларының шығармаларын шебер ойнаған жас музыканттарға Әлімжан Мұратбайұлы шығармашылық табыс тілеп, жастардың өнеріне ризашылығын білдірді.