Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЛАҒАШТА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШТА АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ


Жалағаш ауданының «Айбибі» салтанат сарайында аудан әкімінің балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өткізілді.
Жаңа жылдық шыршаға республикалық, облыстық олимпиадалардың, байқаулардың жеңімпаздары, аз қамтылған, қорғаншылықта және көп балалы отбасыларынан шыққан 50 мектеп оқушылары мен бүлдіршіндер қатысты.
Салтанатты шара балдырғандардың Аяз ата мен Қаршақызды қарсы алып, кішкентай Аяз аталардың Жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсімінен бастау алды. Мерекелік шара аясында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев көпшілік қауымды және бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның ағымдағы жылғы білім саласындағы жетістіктеріне ерекше тоқталып өтті. Жаңа жылдық кеште балалар өз өнерлерін ортаға салып, Ұлы дала елінің жетістіктері туралы «Алтын бала мен бақыт құсы»» атты қысқаша көрініс қойды. «Тауық жылымен» қош айтысып, «Ит жылын» қарсы алды. Жаңа жылдық кештің иелері мәре-сәре болып, кеш соңында аудан әкімінің тәтті сыйынан дәм татып, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам