Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨНЕРПАЗДАР АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ӨНЕРПАЗДАР АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

   Шиелі ауданындағы "Арман" мәдениет үйінде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, ақын, сазгер, жас әнші ұлттық өнердің жанашыры, жас талант иесі Әл-Фараби Бекарысұлы мен өнердегі әріптесі Үкітай Ерниязовтың аудан жастарымен кездесу кеші өтті.
Кездесу Әл-Фараби Бекарысұлының шығармашылығына арналды және кеш барысында көптеген шығармалары халық сұранысы бойынша орындалып, күмбірлеген күй тартылды. Сонымен қатар Әл-Фараби Бекарысұлының әндерін ҚР-ның жарық жұлдыздары Роза Әлқожа, Серік Ибрагимов, Төреғали Төреәлі т.б әншілер орындап жүр. Шара соңында Арман мәдениет үйінің директоры Н.Шәлекеева өнеріне табыс тілеп, сыйлықтар табыстаса, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі атынан арнайы алғыс хат тапсырылып, естелік сыйлық табысталды. Әсерлі кеште ақ жаулықты анамыз, алтын алқа иегері Қоғалы ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия апамыз ақ батасын берді. Әсерлі кешке жиналған өнер сүйер қауым қимастықпен тарқасты.
24 қараша 2017 ж. 1 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам