Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Шиелі ауданына іс сапары барысында Жуантөбе ауылдық округінің жаңа спорт кешенін салтанатты түрде ашып берді.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «БЕТА и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерболат Жылқайұлының жеке қаражатына жобалық құны 42 млн. теңгенің жаңа спорт кешені.
Сонымен қатар, аймақ басшысы аудандағы салынып жатқан орталық аурухананың кірпішін қалау рәсімі болып өтті.
Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта ауданда медициналық мекемелер жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Алыс-жақын елді мекендер дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етілуде.
Аудан орталығындағы 1974 жылы салынған орталық ауруханасы жаңа типтегі, заманауи құралдармен жабдықталған ауруханаға ауыстыру мәселесі түйткілді мәселенің бірі болатын.
Аудан орталығындағы ескірген емдеу ғимаратын жаңалау мақсатында республикалық бюджет есебінен жобалық құны 7 млрд. 41 млн. теңге құрайтын 150 орындық орталық аурухананың ірге тасы толық қаланып, кірпішін қалау жұмыстары басталуда.
Құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы мердігер «СМП-Қызылорда». Нысан 2018 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс басшысы жобаны сапалы орындап, уақытында аяқтауды тапсырды.
27 қаңтар 2018 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам