Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚСУАТТА ҚҰС ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ

АҚСУАТТА ҚҰС ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ

  Әкімдердің есепті кездесуі қалаға қарасты Ақсуат ауылында жалғасып, оған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, халық қалаулылары, сала басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Алдымен ауылдағы қоғамдық тәртіп сақтау мәселесі жайында жергілікті полиция инспекторы Тұрсын Құрманғазыұлы айтып өтті. Ақсуат ауылдық округінде жыл ішінде жалпы 40 қылмыстық оқиға орын алған. Олардың басым бөлігі ашылды.
Жыл ішінде атқарылған жұмыс барысы жөнінде ауыл әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев баяндады. Ауылда 7000-нан астам тұрғын бар. Округке «Наурыз» саяжайы мен Жақыпбек Маханбетов елді мекендері қарайды. Ақсуатта еңбекке қабілетті жастағылар – 2709, зейнеткер саны – 437 адамды құрап отыр.
Сонымен қатар, округ бойынша барлығы 6 балабақша жұмыс істейді. Оның бірі – мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. Бұл мекемелерде 400-ден аса бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мұндағы халықтың көбі еңбекқор екендігі көрініп-ақ тұр. Әрқайсысы несие алып, шаруаларын жасауда.
– Ақсуат ауылында 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 48 шаруа қожалығы бар. Қожалықтардың бесеуі «Сыбаға» бағдарламасына қатысып, мал басын асылдандыру бағытында табысты еңбек етіп келеді. Мал шаруашылығында да өсім байқалады, – деді ауыл әкімі.
Оған қоса ақсуаттықтар кәсіпкерлік саласында белсенді. Осы сала жағынан қалаға қарасты ауылдық округтер арасынан алдыңғы қатарда тұр. Бүгінге дейін 185 кәсіпкерлік нысан тіркелді.
– 2016 жылы 5 шаруашылық бірігіп, «Атамекен Ақсуат» селолық өндірістік кооперативін құрды. Былтыр «Нұр-Береке М» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі тұсауын кесіп, оның 14 мүшесі 58 млн. 700 мың теңге несиемен қаржыландырылды. Сондай-ақ, «Самұрық құс» кооперативі де өз қаражаты есебінен 57 млн. теңгеге 30 мың құс ұстайтын, жұмыртқа бағытындағы фермасын ашу жобасын қолға алып отыр, – деді М.Ақмырзаев.
Ал, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 7, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы микро қаржылық ұйымы» 4 жоба қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының «Бастамаларды қолдау» жобасы арқылы 1 жоба бойынша 1 млн. теңгеден ақша алды. Өткен жылы 100-ге жуық ауыл тұрғыны тұрақты екі қолға бір кәсіп тапты. Ал, 34 азамат «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасы аясында өз кәсіптерін бастады.
Есеп беру шарасында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Елбасының Жолдауына тоқталып, Қызылордада атқарылған жұмыс барысын саралады. Былтыр қала үшін табысты жыл болды. Бюджет артып, оған қыруар істің қарқынды жүргені көпшіліктің көз алдында.
Жүздесу барысында жергілікті тұрғындар газдандыру мәселесіне орай ұсыныстарын жеткізді. Есепті кездесу соңында қала басшысы тұрғындар сауалдары мен өтініштері әрдайым назарда ұсталатынын тілге тиек етті. Ал, "көгілдір отын" мәселесі алдағы уақытта оң шешімін табады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
30 қаңтар 2018 ж. 2 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам