Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӨРТ ТҮЛІКТІ ТҮЛЕТКЕН ҚОСШЫҢЫРАУ

ТӨРТ ТҮЛІКТІ ТҮЛЕТКЕН ҚОСШЫҢЫРАУ

  Қалаға қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесуі Қосшыңырауда жалғасты. Аталмыш жиынға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, халық қалаулылары, сала басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Ауылдағы қоғамдық тәртіп сақтау мәселесі жайында жергілікті полиция инспекторы Әділхан Беделбаев айтып өтті. Қосшыңырау ауылдық округінде жыл ішінде жалпы 22 арыз-шағым қабылданып, ол бойынша әртүрлі шаралар жасалды.
Жыл ішінде атқарылған жұмыс барысы жөнінде ауыл әкімі Дулат Таубай мәлімдеді. Ауылда 3000-нан астам тұрғын тұрады. Өткен жылмен салыстырғанда бала туу көрсеткіші 2 пайызға артқан. Былтыр жаңадан ашылған амбулатория бір мезгілде 30 келушіге қызмет көрсетеді.
Қосшыңырау ауылдық округі бойынша 47 мүмкіндігі шектеулі жан мен жасөспірімге әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Округте 2 мектеп орналасқан. Абай елді мекеніндегі №138 орта мектепте 432 оқушы және Досан ауылында №280 негізгі мектепте 161 бала білім алуда. Өткен оқу жылында бітірген 27 түлектің 11-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысып, оның 8-і мемлекеттік грантқа қол жеткізді.
– Елді мекенде кәсіпкерлік өрістеп келеді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау кеңесші» мемлекеттік бағдарламасы тұрғындар арасында тұрақты насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның арқасында былтыр 38 кәсіпкерлік нысан тіркелсе, бүгінде оның саны артты, – деді Дулат Таубай.
Ауыл азаматтары арасында жұмыссыздық оң шешімін табуда. «Ауыл шаруашылығын» қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы мал шаруашылығын дамытуға 7, «Қызылорда инвестициялық орталығы» арқылы 2, «Бизнес стар» бойынша 1 тұрғын несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Оған қоса биыл жалпы көлемі 636 млн. теңгені құрайтын кәсіпкерлік бағыттағы 2 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Бұл жақта 2 ЖШС, 52 шаруа қожалығы, 48 жеке кәсіпкерлік, 3 кооператив жұмыс істеуде. Сонымен бірге 12 шаруа қожалығы күріш дақылын егумен айналысады. Егінмен қатар мал шаруашылығында да өсім байқалады. Бүгінде ауылда мүйізді ірі қараның, жылқының, қой мен ешкінің саны артқан. Былтырғы көрсеткіштен 20 пайызға көбейген.
– Ауылдағы ұзындығы 7 шақырымға созылатын кіре беріс жолына облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен орташа жөндеу өтті. Қалғаны биылғы жылдың еншісінде, – деді ауыл әкімі.
Аяқ судың басым бөлігі шешілсе, ауыз су жүйесі толықтай жаңғыртудан өткізілген. Қазіргі күні Абай мен Досан елді мекендерінің шет аймақтағы көшелеріне «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жоба сметалық құжаттары дайындалуда.
Халықпен кездесу барысында қала басшысы Н.Нәлібаев Елбасының жыл басында жария етілген Жолдауына тоқталды. Қызылордада атқарылған жұмыс барысын саралады. Әрбір іс слайд арқылы түсіндірілді. Былтыр қала үшін табысты жыл болды. Қала бюджеті де артып, оған қыруар істің қарқынды жүргені көпшіліктің көз алдында.
Жиын барысында көпшілік атынан сөз сөйлеген зейнеткер Әлихан Смайлов әкімдердің есебін жақсыға бағалады. Сондай-ақ, Досан ауылының көшесін жөндеуді, Абай ауылының жарық қуатын арттыруды және көгілдір отынға қосылу жөнінде ұсыныс білдірді. Досан ауылының тұрғыны Қарлығаш Ақбергенова да ауыз су, жол, жарық меселелерімен бірге медпункт салынса деген өтінішін жеткізді.
Жиын соңында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындар сауалдары мен өтініштері әрдайым назарда ұсталатынын жеткізді. Бұрынғы жылдарда қойылған ұсыныстар өз ретімен шешіліп келеді. Алдағы уақытта қалған мәселелер бойынша жұмыстар жалғасын таба береді.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
29 қаңтар 2018 ж. 1 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам