Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЛАҒАШТА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШТА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ


Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін қоғам өкілдерімен бірге талдап, айтылған ұсыныс-пікірлерді ортақ оймен қорытындылау, оны халыққа түсінікті тілмен жеткізу мақсатында бүгін Жалағаш ауданы әкімінің мәжіліс залында идеологиялық актив жиыны өтті. Активке аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Актив жиынына аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев модераторлық жасады. Сонымен бірге жиынның алғы сөзін алған аудан басшысы маңызды құжаттың негізгі міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, жолдаудан туындайтын бірқатар шараларды жүзеге асырудың жолдарын айтты.
Актив отырысында облыстық «Сыр Медиа» ЖШС Ақпараттық-талдау орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Сахиев «Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында, төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асырудағы ең маңызды салалардың бірі адами капиталдың өзегі саналатын білім саласы туралы «Адами капитал – білім саласын дамыту негізі» тақырыбында №201 мектеп-лицей директоры Т.Садықов баяндама жасады.
Қазіргі шақ адамзат өркениетінің барлық саласына ақпараттық технологияның дендеп енуімен өлшенеді. Елбасы бірінші басымдықта «Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деген болатын. Осы бағытта Сырдария аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, IT маман Ф.Абжаппаров «Ақпараттық технологияны игеру және дамыту – қазіргі заман талабы» тақырыбында баяндама жасап, IT саласын игерудің, дамытудың жолдарын қарастырып, салаға қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Елбасы қай кезде де білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып келеді. Актив жиынында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А.Қожамұратов сөз алып, Жолдаудың жастар үшін маңыздылығы зор екендігін тілге тиек етті.
Актив жиынын аудан әкімі қорытындылап, бірқатар ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
26 қаңтар 2018 ж. 1 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам