Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » НЕСИЕ АЛЫП БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЯДЫ

НЕСИЕ АЛЫП БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЯДЫ

  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді.
"Биылғы жылдың ең басты міндеті жұмыссыздықты 4,9 пайызға азайту. Осы жылдың қаңтарынан күшіне енген «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы» көптеген отбасына қиындықтар тудыру қаупі бар. Біздің алдымызда, әлеуметтік көмек алатын 710 отбасыны жұмыспен қамту міндеті тұр. Бұл бағытта әрбір елді мекеннен кемінде 30 отбасының өз кәсібін ашу үшін несие алуына көмектесеміз, сол арқылы жұмыссыздықты азайтуымыз қажет.
Биыл 1 кент және 13 ауылдық округ жаңа бюджеттік саясатқа өтті. Енді ауыл әкімдері өз бюджеттеріне қосымша қаржы түсіріп, ішкі шаруасын шешуде қаржылық негіз болатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстар жасауда", - деді Шиелі ауданының әкімі.
Сонымен қатар, ауданға қарасты ауылдарда шаштараз, монша, киім тігу цехтары жоқ. Мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, несие немесе гранттық қаржыларға осы кәсіп түрлерін қолға алу жоспарлануда. 
Әшім Оразбекұлының айтуынша, кәсіп ашу арқылы жұмыссыздық жойылады, ауылдың салықтық базасы артады. Салықтан жиналған қаражат ауылдардың мұқтаждықтарына жұмсалатын болады.
Айта кету керек, биыл кент орталығынан 6 жерден жеке кәсіпкерлер есебінен скверлер салынбақшы. Сондай-ақ, осындай жұмыс елді мекендерде де жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізіледі.
07 ақпан 2018 ж. 1 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам