Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫҒА БЕРЕШЕГІ ЖОҚ

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫҒА БЕРЕШЕГІ ЖОҚ

   Өткен жылы Сыр өңірінде әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда біршама істер атқарылды. Көп қабатты тұрғын үйлер мен әртүрлі нысандар ел игілігіне берілді. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
Былтыр облыстағы 88 кәсіпорын мен мекеме 1855 жұмысшы алдындағы 226 млн. 100 мың теңге жалақы қарызын қайтарды. Заң талабын бұзғандарға 213 нұсқама беріліп, 6,6 млн. теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
 – Бүгінде аймақта жалақыға берешегі бар бірде-бір жұмыс беруші тіркелген жоқ. Облыс аумағында орналасқан 22 бірлескен компанияда 6813 адам еңбек ететін болса, соның 652-сі сырттан келген. Әрбір қарапайым еңбекшінің жағдайы – жергілікті биліктің жіті назарында, – деді Қ.Ысқақов.
Облыс әкімінің орынбасары өзі жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Осы уақыт ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарында 773,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жеңіл өнеркәсіп, мұнай өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдарын, металлургия өнеркәсібі көлемінің артуына байланысты өсім арта түсті.
Ауыл шаруашылығы бағытында 86,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Осының нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қомақты көлемде салық және басқа да міндетті төлемдер түсті.
Жергілікті бюджеттің 60 пайыздан астамы әлеуметтік салаларға бағытталған. Өткен жылы соның 2 млрд. 800 млн. теңгесі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті жәрдемақы есебінде берілді.
12 ақпан 2018 ж. 1 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам