ӘЗІЛДЕ КЕК, КҮЛКІДЕ ШЕК ЖОҚ

Жарыс екі кезеңнен тұрды. «Сәлемдесу» сайысы 6 минуттық форматында жүргізілді, «Қайым айтыста» төрт қатардан тұратын өлең жолдарын дайындап келу талап етілді. Барлығы додаға үлкен үмітпен келгені көрініп тұр. Ұтымды әзілімен, ойлы сөзімен жұртшылық көңілінен шыға білген «Қоғалыкөл», «Бу», «ҚГЭК», «КИАПтан бар», «Абылайхан», «Қыз Жібек», «Қызылорда» және «Байқоңыр» құрамасы жартылай финалға жолдама алды.
Үздіктерді анықтаған қазылар қатарында «Әзіл әлемі» театрының актері – Қанат Әлжаппаров, республикалық «Жайдарман» сайысының 2012 жылғы үздік ойыншысы Асылхан Дүкенбаев, «Қорқыт құрамасы» тобының мүшесі Нұрлыбек Асанбаев, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев болды.
Ақерке СЕЙІТОВА