Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

  Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев Қызылорда облыстық, қалалық, № 2 қалалық, мамандандырылған әкімшілік және ауданаралық экономикалық, сондай-ақ мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттарының ғимараттарында ашылған Құқықтық көмек көрсету орталығының қызметімен таныстырды.
Ашылу рәсіміне облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаев, адвокаттар алқасының төрағасы  Серікбай Шеңгелбай, «Бітім» Медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша директоры Ляззат Бақтыбаева, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, Соттар әкімшісінің басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.
«Құқықтық көмек көрсету орталығы» - халыққа құқықтық қызмет көрсету үшін, олардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсету мақсатында ашылып отыр. Бұл өз кезегінде тараптардың арасындағы дауды сотқа дейін шешуді көздейді.
Облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев өз сөзінде аталған орталықтың азаматтарға құқықтық тұрғыда ақысыз қызмет көрсететін жеткізді. «Онда тәжірибелі медиатор, адвокат, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары күнделікті қызмет жасайтын болады. Ал, сот қызметкері азаматтарға сотқа жүгінудің жолдарын, талаптарын түсіндіруге көмектеседі. Бұл сот құжаттарын беру механизмін жеңілдетіп, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеп, бюрократиялық кедергілерді азайтады», - деді Қ.Нұрышев. 
Аудандық және оған теңестірілген соттарда да дәл осындай Құқықтық көмек көрсету бұрыштары ашылды.
                                                                                       Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
15 ақпан 2018 ж. 1 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам