Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ШЕЖІРЕСІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ШЕЖІРЕСІ

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.                                                                          
Бұл шара Ұлт Көшбасшысының егемен елдің өткені мен бүгінін тарихи-саяси  тұрғыда саралайтын туындысын оқырмандар арасында  кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Оған «Нұр Отан» облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысып, оқырманға жол тартқан тәлімі мол дүниенің ұлт руханиятындағы алар орнын сөз етті. Сондай-ақ, бұл шараға облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыбек Мыңжас, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Меруерт Аңсатова сынды ғалымдармен қатар, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери бөлімдерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұландар «Оңтүстік» 5547 бөлімшесінің сарбаздары қатысты.                                                                                                       
– Елбасымыздың бұл кітабы ел арасында ерекше қызығушылық туғызып, халық тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде тағылымы мол құнды дүниенің маңыздылығын дәріптеу мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Аталмыш туындыда Елбасы тарихи толғаныстарын, егемен алған алғашқы жылдардан бастап жүргізілген саясат ауқымын халыққа түсінікті тілмен өте жинақы жеткізген. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан дамыған елдер қатарына кіру үшін сан алуан саяси кезеңді бастан өткерді. Қаншама мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, жыл сайынғы Жолдаулар – осы мақсат пен міндет үдесінен шығу бағытында жасалған батыл қадамдар, – деді «Нұр Отан» облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары.                                 
Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, онда «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Ал, кітаптың әр бөлімнің өзі бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың да атауларына ерекше мән беріліп, жаңа тарихымыз бен ұлттық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты баяндалған. Атап айтқанда, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз – бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай...», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын, Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» сынды өзге бөлім атаулары оқырманды өзіне баурап, еліміздің жарқын сәттері туралы мол мағлұматты паш етіп тұр.        Шара барысында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген аталмыш тарихи публицистика мемлекетіміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытатындығы, басшылық жасаудағы қырағылық көзқарасы, саяси сауаттылығы жан-жақты талқыланды.   
 – Бұл туындыда еліміздің тек жетістіктері, бағындырған белестері ғана емес, осы азаттықтың ақ таңына жету жолындағы кездескен кедергілер мен қиыншылықтар да сөз болған. Тарих қатпарларын елеп-екшеп, оны құнды дүниеге айналдырған Мемлекет басшысы бұрын еш жерде кездеспеген тың деректер мен мол мұраларды алға тартты, – деді тарих ғылымдарының кандидаты Меруерт Аңсатова.                                                                         
  Салтанатты жиын соңында «Тәуелсіздік дәуірі – егеменді елдің шежіресі» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылса, облыстық филармония әртістері тағылымды кешті әсем әнмен әрледі.
                                                                                                                    Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА
19 ақпан 2018 ж. 1 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам