Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЕРПІНДІ ІСТЕРДІҢ СЕНІМДІ ҮЛГІСІ

СЕРПІНДІ ІСТЕРДІҢ СЕНІМДІ ҮЛГІСІ

   Қазалы ауданында былтыр өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 млрд. теңгеден астам өнім өндірілген. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға артық. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші 5 жылдығында 17 жоба толық іске қосылған.                                                                                                        Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев былтыр шағын және орта кәсіпкерлік белсенділігі айтарлықтай артқанын тілге тиек етті. Қазіргі таңда онда 9 мыңға жуық адам тұрақты еңбек көзімен қамтылған. Жаңа өндіріс орындарын көбейту мақсатында 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде оның төртеуі іске қосылған. Бұдан өзге ауданнан құс фермасын ашу мақсатында инвесторлармен келіссөз жүргізілуде.                                                                 
     – Былтыр 17 мың гектардан астам жер көлеміне ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Нәтижесінде аудан диқандары күріштің әр гектарынан орташа есеппен 45 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйды. Биыл аталмыш саланың өнімділігін арттыру үшін мүмкіндігі зор жаңа техника мен қажетті құрал-жабдықтарды жаңалауды жоспарлап отырмыз. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 17 790 гектар жерге орналастыру жоспарда бар. Сонымен қатар, сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күрішін 150 гектар жерге ұлғайтып егу көзделіп отыр. Ресей еліне 500 тоннаға жуық қауын-қарбыз экспортқа шығарылды. Балық өнімдері Еуропа елдері мен Ресей Федерациясы нарығына  экспортталды, – деді аудан әкімі.           
Қазалылық тұрғындар үшін тағы бір жағымды жаңалық – қала мен Әйтеке би кенті аралығы қосылмақ. Қазіргі таңда ауданда 5 жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде.                                                                    
    Аудан әкімінің айтуынша, мұнда жол жөндеу жұмыстарымен қатар, көпір құрылысынсалуда да орасан істер қолға алынуда. Мәселен, былтыр «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталғаны белгілі. Ал, жақында ғана Бозкөл мен Тасарық ауылдарының аралығындағы «Нұрқожа» көпірі ел игілігіне пайдалануға берілді. Енді Қожабақы мен Бекарыстан би ауылдарының ортасындағы «Аяған» өткеліне қайта жаңғырту жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалу үстінде.                                 
                                                                                                                    Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
19 ақпан 2018 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам