ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙЛАСТЫРЫЛДЫ
Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациялық, əлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 1992 жылы 10 қазанды халықаралық психикалық денсаулық күні деп жарияланған.
Психика саулығы дегеніміз - адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы , оның əлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық жəне психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күшімен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сəйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдармен пікірлері мен ұштасуы, өмірдің кез келген жағдайына сын көзбен қарауы.
Осы орайда Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округіндегі 144 С. Əлжіков атындағы орта мектепте № 5 қалалық емхана психологтары мен СӨСҚ маманы, облыстық жастар денсаулық орталығының психолог маманы жəне облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігермен бірлескен іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мамандар мектеп оқушыларына " Психика саулығы дегеніміз не жəне оның құрылымы" тақырыбында дəріс оқылып, ведио-роликтер, слайдар көрсетіліп, оқушылар арасында тренинг жүргізілді.