ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ
Қызылорда қаласындағы №5 «Шаттық» балабақшасында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының жетінші бағыты бойынша атқарылатын жұмыстарды таразылаған.
Мамандар шара барысында әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды, ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің реттілігімен таныстырды. Семинар барысында ағылшын, орыс тілдерін дамыту сабақтары жүргізіліп, «Әсем келбет, сымбатты мүсін» хореографиялық үйірме жұмысы жасалды. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қабілеттерін көрсете білді.
Аталмыш мектепке дейінгі ұйымда 140 бүлдіршін бар. Оның 80-і қазақ, 60-ы орыс бөлімінде тәрбиеленіп келді. Көзі нашар көретін балаларға арналған 1 топ та бар. Ұжым педагогикалық кадрмен толық қамтамасыз етілген. Балабақшада «Коммуникация», «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» білім беру бағыты жүргізіледі.
– Өз тілін ардақтап, заман талабына сай өзге тілдерде де еркін сөйлеп, елімізді көркейтетін осы кішкентай бөбектеріміз. Балалар өте білімді, белсенді, өз ойларын ашық жеткізе алды. Осындай үлгі боларлық кеш ұйымдастырып отырған балабақша ұжымына алғыс білдіремін, – деді қалалық психологиялық медициналық педагогикалық консультациясының логопед маманы Әсел Мұхамедқызы.
Ақерке СЕЙІТОВА,
ҚМУ-дің IVкурс студенті.