Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ ДОМБЫРА КҮМБІРІ

ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ ДОМБЫРА КҮМБІРІ

  Кеше  Сыр өңірі жыр мен күйге бөленді. Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала» орталығында болып, жаңа туған 20 сәбиге есімдері жазылған домбыра сыйлады. Сәбидің шыр етіп дүниеге келгендегі алғашқы сыйлығы – домбыра. Қазақтың үні мен жанына айналған домбыра әрбір сәбидің серігіне айналсын. Бесікте анасының әлдиін тыңдаған сәби есін біле бастағаннан өзіне сыйға берілген домбыраға ерекше құрметпен қарайды деген үміттеміз. Кім біледі, мүмкін олардың арасында Сыр сүлейлерінің ізбасары, атақты ақын немесе қайраткер тұлғасы жатқан шығар.
Жаңа туылған сәбилердің құлағына азан шақырып ат қойса, біз «Балбырауын» мен «Ерке сылқымды» орындап, Сыр сүлейлерінің тағылымды толғауын тыңдаттық. Ерекше сезімге бөленген аналар мұндай тосынсыйға дән риза болысты. Тіпті «Ана мен бала» орталығының қызметкерлері мұндай шараның ерекшелігін айтысып, жалғасын табуына тілектестігін білдірді
Одан кейінгі сапарымыз Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында болып, жас өрендерге күй мен жыр орындап, аз да болса сусынын қандырдық. Күмбірлеген күй мен жырды тыңдаған әрбір жастың көзінде от ойнап, жыршыларды ықыластана тыңдады. 100 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған мектеп ұжымы алдағы уақытта үзілісте күй тыңдатуды дәстүрге айналдырмақ.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында жалғасқан шараның әсері мектептен кем түскен жоқ. Күйдің құдіреті студенттер мен оқытушыларды баурап алғаны сонша, қайта-қайта орындауды сұранып жатты.
Бұл шараның маңызы жастардың ойына түрткі болуында. Мектеп оқушылары мен студенттер үзіліс кезінде күй тыңдасақ деген тілектерін айтуда. Ендеше жастардың тілегін неге қолдамасқа?! Үзілісте күй орындау еліміздегі бірнеше білім мекемелерінде бұрыннан бар дәстүр. Фойеде бір рет күй орындағаннан жаңғырып кетпейтініміз анық. Алайда жаңғыру ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуден, оны бойға сіңіруден әрі қарай оны жаңа тәсілмен дамытуға ұласуы тиіс деп білемін.
22 ақпан 2018 ж. 2 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам