Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КҮТІМДЕГІ МАЛДЫҢ КҮЙІ БАР

КҮТІМДЕГІ МАЛДЫҢ КҮЙІ БАР

    Дүйсенбі күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Қала басшысы алдымен кадрлық өзгеріске тоқталды. Бүгінде дейін қаланың қаржы саласындағы басшылық қызметті абыроймен атқарған Әлсейіт Иманқұлов енді қаланың мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Қала әкімі жаңа қызметке тағайындалған Ә.Иманқұловқа сәттілік тіледі.
  Мәжіліс барысында қаралған алғашқы мәселе – мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы.  Қазіргі таңда ел экономикасының негізгі күші – саналатын ауылшаруашылығы. Оны одан әрі дамыту  Елбасының қойған басты міндеттінің біріне айналған. Соңғы жылдары Үкімет тарапынан ауылшаруашылығы, оның ішінде төрт түлікті түлетумен айналысамын деген азаматтарға нақты қолдау көрсетіліп келеді. Осының нәтижесінде соңғы бес жылда қала бойынша мал шаруашылығы құрылымдарының саны артқан.
  –  Соңғы екі жылда мал шаруашылығы саласын қаржыландыру, қолдау мақсатында мемлекет тарапынан 285 млн. теңге субсидия берілді.  «Құлан» бағдарламасы бойынша  өткен жылы 63 бас бие, 5 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу межеленген еді. Межені орындау мақсатында тиісті қаражат берілді. Басқа да мемлекеттік бағдарламалар өз нәтижесін тауып, бірқатар шаруа қожалықтары өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Сонымен қатар, қалаға қарасты елді мекендерде де ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Соның аясында тұрғындарға несие беріліп, олар мүйізді ірі қара қара сатып алды. Бүгінде шаруа қожалықтары ет-сүт бағытында еңбек етуде, – деді қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Медет Сейілов.
Жиында қаралған екінші мәселе – қала аумағындағы вирусты гепатит «А» ауруының эпидемиологиялық ахуалы. Республика көлемінде бұл аурудың эпидемиологиялық ахуалы күрделенуде. Жыл басынан бері оған шалдыққандар саны артқан. Бұл туралы қала аумағында тұрғындардың ахуалы туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Сыздықова мәлімдеді.
– Қызылорда қаласында вирусты гепатит «А» аурурының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз болып қалыптасуда. Алғашқы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында тіркелді. Бүгінгі таңда қалада зертханада 9 ауру оқиғасы тіркелді. Өткен жылы қала тұрғындары арасында 4 оқиға орын алды. Қазіргі таңда мектептерге тексеріс жүргізілуде. Талапқа сай емес білім ошақтарына хаттама толтырылып, ескерту жасалуда. Жоғарыда аталған науқас оқушы балалар жұқпалы вирусты гепатит А түріне қарсы егілмеген. Аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жоғарыда аталған мектептерде эпидемиялық көрсеткішке байланысты қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі 961 баланың 751-і ВГА қарсы егілді. Дегенмен, ата-аналарының түбегейлі бас тарту салдарынан 82 бала егуден тыс қалды. ВГА ауруына қарсы екпенің тиімділігі туралы мектеп басшылығымен бірлесе екпеден бас тартқан ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, егілудің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деді Г.Сыздықова.
Жиын соңында шаһар басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Сонымен қатар вирусты гепатит «А» ауруының алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Білім ошақтарында тексеріс жұмыстары одан әрі қарай жалғасын табады.
Жарасхан ӨТЕБАЛИЕВ.
03 наурыз 2018 ж. 1 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам