Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР НАҚТЫЛАНДЫ

АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР НАҚТЫЛАНДЫ

  Қала әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы саяси кеңес бюросының кезекті отырысы өтті. Оған қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалық етті.  
  Алғашқы мәселе бойынша қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Нұрболат Ибраев аталмыш аймақта өткен жылы атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, округтегі тұрғындар саны 7405 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқан. Бүгінде қызылжармалықтар «көгілдір отын» игілігін көріп отыр. Мұнда ауыз, аяқ су мәселесі оң шешімін тапқан. Жыл сайын көшелер жаңарып, жарық бағаналары орнатылуда.     Елбасы өзінің әр Жолдауында өңірлерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісіне аса басымдық беріп келеді. Осы міндет аясында аймақ басшысы биылғы жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп белгілегені мәлім. Осы ретте 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы кеңінен талқыланды. Аталмыш мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтов баяндама жасады.                       
       – Бұл бағдарламаның басты міндеті – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, біліктілігі жоқ, сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан азаматтарды өнімді жұмысқа тарту болып табылады. Былтыр қала бойынша 3800-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, бүгінде бұл меже артығымен орындалып отыр. Яғни, 5000-ға жуық еңбек көзі ашылған. Ал, жұмыспен қамту орталығына 10 мыңға тарта тұрғын хабарласқан. Нәтижесінде уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздар саны 1,7 пайызды құрады, – деді қала әкімінің орынбасары.     Жиын барысында қала әкімі қос ғасырлық тарихы бар шаһардың мерейтойы қарсаңында тек мәдени-көпшілік, рухани шаралар ғана қолға алынып қоймай, қаланың көркемдік келбеті мен көркейту-көгалдандыру шараларына да аса басымдық берілу керектігін назарға салды. Осы мәселе тұрғысында мінберге шыққан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Сәрменбаев аталмыш бағытта атқарылып жатқан шаралармен таныстырды.      
 Келесі кезекте №5 әл-Фараби сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына Мұса Әбдіхалықовтың кандидатурасы ұсынылды. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш аумақ бойынша сайланған Нұрболат Ибраев басқа қызметке тағайындалуына байланысты депутаттық өкілеттілігін тоқтатқан еді.                        
   Күн тәртібіндегі соңғы мәселеде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XX конференциясын шақыру шарасы қаралды. Партия жарғысының 8 бабына сәйкес конференция күні белгіленіп, тиісті қаулылар қабылданды.
                                                                                         Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
19 ақпан 2018 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам