Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "АСТАНА" 2018 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН СУПЕРКУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

"АСТАНА" 2018 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН СУПЕРКУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

 "Астана" футбол клубы 2018 жылғы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды. Елордада өткен ойында жергілікті команда Алматының "Қайратын" 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Маусымашар ойында елордалық команданың айдарынан жел есті. Бас жаттықтырушы болып бірер күн бұрын ғана тағайындалған Григорий Бабаянжаңа командасымен алғашқы жүлдесін иеленді.
"Астана" командасы ойындағы үш голды да екінші таймда соқты. 59 минутта Плотников допты қайтарып үлгергенмен,  Иван Маевский алдына келген допты қақпаға қайта бағыттап есеп ашты. Араға 3 минут сала Дмитрий Шомконың әуелете асырған пасына Марин Томасов бірінші жетіп,  есепті еселеді. 67 минутта жартылай қорғаушы дубль орындап, үздік өнерімен көзге түсті. Одан кейінгі аралықта нәтиже өзгермей, "Астана" 2018 жылғы Суперкубокты иеленді.
Айта кетейік, "Астана" мен "Қайрат" 2015 жылдан бері Суперкубок ойынында кездесіп келеді.  Елордалық команда бүгін бұл жүлдені үшінші рет жеңіп алды. Осыған дейін "Астана" 2011 және 2015 жылы иеленген еді. 
http://kaz.vesti.kz
05 наурыз 2018 ж. 1 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 073 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам