Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БИЗНЕСІ» АТТЫ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БИЗНЕСІ» АТТЫ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова аймақтағы қыз-келіншектерге арналған «Іскер әйелдер бизнесі» атты жобасын қорытындылап, шараға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.
«Облыста Іскер әйелдер кеңесін құрғанда жұмыстың басым бағыты ретінде қыз-келіншектерді оқытып, біліктілігін жетілдіруді алдық. Себебі нәзік жандылар арасында сауалнама жүргізгенімізде басым бөлігі өз кәсіптерін ашқысы келетіндіктерін, алайда ол үшін тәжірибесі мен біліктіліктері жеткіліксіздігін алға тартты. Сол себепті де біз наурыз айында «Іскер әйелдер апталығын» қолға алған болатынбыз. Сұраныстың көптігінен апталығымыз айлыққа ұласып, 200-ден астам қыз-келіншекті оқытып шығардық», – дейді Жанна Аманова.
«Іскер әйелдер бизнесі» жобасы облыста осы жылдың маусым айында басталды. Жанна Аманова жобаны қолға алғанда қатысушы қыз-келіншектерге Іскер әйелдер кеңесінің мүшелерін бизнес-тәлімгер ретінде қолдау көрсетуге шақырды. Нәтижесінде бизнес-тәлімгерлер теориялық біліммен қатар, тәжірибе жүзінде кәсіпкерлік нысандарына апарып, кәсіпті жүргізу ерекшеліктерімен таныстырды.
16 қазан 2017 ж. 1 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам