Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » QAZAQSTAN АРНАСЫНЫҢ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

QAZAQSTAN АРНАСЫНЫҢ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

   ҚазАқпарат - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде QAZAQSTAN арнасының дәрісханасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арнайы дәрісхана Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Онда тұңғыш қазақ телеарнасының тарихы, қазақ телевизиясына еңбегі сіңген тұлғалар туралы мол деректер, оқуға қажетті кітаптар қойылған және интерактивті тақтамен жабдықталған. «Өткен ғасырдың екінші жартысында адамзат тарихына және келешегіне әсер еткен үш жаңалық болды: ғарышты игеру, атомды меңгеру және телевизия еді. Телевизияның адам өміріндегі, қоғамдағы орнының қаншалықты екенін бағамдай беріңіздер. Өз әкем Семей телерадио комитетін басқарды. Сондықтан, телевизия саласы мен үшін ыстық. Баршаңызды салтанатты мееркемен құттықтаймын. Жаңа дәрісхана келешекте жақсы мамандарды тәрбиелеуге өз үлесін қосады деп сенемін», - деді ЕҰУ ректоры, доктор, профессор Ерлан Сыдықов Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған салтанатты кеште. Ресми шара ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультеті студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Еске сала кетейік,  1958 жылы 8 наурызда елімізде алғаш рет Алматыда тікелей телехабар таратылған болатын. Әр жылдары Қазақ телевизиясы сан түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. 1960-1970 жылдары шығармашылық бірлестіктер «Шұғыла», «Құрдастар» бағдарламаларын ашып, осы кезеңде басшылықта болған К.Шалабаев, К.Үсебаев, Х.Хасенов, К.Смайыловтар Қазақстандағы телевизияның жан-жақты дамуына зор үлес қосты. Көгілдір экранда көп сериялы телеспектакльдер («Қымызхана»), деректі телефильмдер (50 серия), авторлық бағдарлама («Сұхбат»), ұлттық бояуы қанық жастарға, балаларға арналған хабарлар («Алтыбақан», «Айгөлек»), ауыл шаруашылығын («Ақ бидай»), өндіріс тақырыбын қозғайтын («Операция «Ритм») т.б. туындылар жарыққа шығып жатты. Еліміз егемендік алғаннан соң Қазақстан Телерадиокорпорациясына Ғаділбек Шалахметов, Шерхан Мұртаза, Әшірбек Көпішев, Ерлан Сатыбалдиев, Есетжан Қосубаев, Ғалым Доскен, Нұртілеу Иманғалиев, Дәурен Әбдіхамитов, Жанай Омаров, Нұржан Мұхамеджанова сынды басшылар жетекшілік етті. Қазіргі уақытта Ерлан Қариннің басшылығындағы телерадиокорпорация тың идеялармен жұмысты жалғастыруда. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Ұлттық арна 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.

15 наурыз 2018 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам