Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ИГІ ШАРА

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ИГІ ШАРА

     Бүгін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Жылы жүрек» еріктілер тобының ұйымдастыруымен Талсуат мүгедектерді оңалту орталығында ем алушылар арасында спартакиада өтті.
Жарысқа  барлығы 5 команда қатысты. Қатысушылар арқан тарту, асық ату, нысана көздеу мен эстафета жарысынан бақ сынасты. Барлық команда белсенділік танытып, жеңімпаз атануға барын салды.   
Оқ бойы озық шығып, бірінші орынды - 4 команда қанжығасына байласа, екінші орынды - 2 команда, үшінші орынды - 1, 5 командалар иеленді. Жеңімпаздар «Ел Арай» қайырымдылық қорының қолдауымен бағалы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.
Спартакиада соңында, оңалту орталығының директоры Мейрамбек Әбдікәрімов игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Айдархан Таңатарұлы
15 наурыз 2018 ж. 1 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам