Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҚОБЫЗ ҮНІ» КӨНЕНІҢ КҮМБІРІ

«ҚОБЫЗ ҮНІ» КӨНЕНІҢ КҮМБІРІ

   Биыл Сыр өңірінде алғаш рет Наурыздың 14-і Көрісу күні ретінде тойлана бастады. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрі аясында халыққа қызмет көрсету орталығында «Қобыз үні» атты дәстүрлі ұлттық нақыштағы көрме ұйымдастырылды.
Айтулы шарада ағаштан, шыныдан жасалған қобыз аспабының ерекше үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Облыстың 40 шақты қолөнер шеберлері көз майын тауысып жасаған мыңнан астам бұйымдары көрмеге қойылды. Он саусағынан өнер тамған ұста, зергер, тігінші, тоқымашылардың еңбегі көздің жауын алады. Мәселен, Шиелі ауданынан келген Жансара Бөлегенова киізден бұйым жасаудың шебері.  Оның қолынан шыққан киізден тіккен дүниелерінің арасынан балалар ойыншығын, үйге арналған қазақы текемет, кәде-сыйлар мен пиманы кездестірдік.
Сондай-ақ, көрмеде ұзындығы 1,5 метр болатын ағаштан жасалған қобыз көзге түсті. Жаңақорған ауданының тұрғыны Пахриддин Садықовтың өнер туындысы жұрттың назарын бірден өзіне қаратты. Қолөнер шеберінің бұл іспен айналысқанына 30 жылдан асыпты. Тіпті, «Қолөнер шеберлері» орталығын ашып,шәкірттерін  ұлттық өнерге баулып жүр.
Қармақшы ауданының тұрғыны Самалбек Бурабаев жануарлардың мүйізінен жасалған сан түрлі туындысын көрмеге қойды. Оларға қызығушылық танытып, бағасын сұраған азаматтардың қарасы көп. Сұранысқа ие туынды екені байқалып тұр. Ерекшелігі бірден байқалып, көздің жауын алады.
Ұлттық өнерді ұлықтаған көрме барысында қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, жұртшылықты ескіліктен қалған «Көрісу» күнімен құттықтады.
Айтулы шарада қобызға арналған күй сайысы және Көрісумерекесінен көрініс көрсетілді. Рухани жаңғыру аясында өңірде ашылған «Тағылым» балалар шығармашылығын дамыту орталығының бүлдіршіндері «Қауышу» дәстүрін көрсетті.
Сондай-ақ, дәстүрлі әндер шырқалып, ұлттық өнердің тиегі ағытылды. Қолөнершілердің туындыларын сараптайтын қазылар құрамы жүлделі орындарды анықтады.
                                                                                             Айтолқын АЙТЖАНОВА.
19 наурыз 2018 ж. 2 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам