Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КОМПЬЮТЕРДІ КОМПЬЮТЕРСІЗ ҮЙРЕТКЕН МҰҒАЛІМ ҚАЛАЙ ТАНЫМАЛ БОЛДЫ

КОМПЬЮТЕРДІ КОМПЬЮТЕРСІЗ ҮЙРЕТКЕН МҰҒАЛІМ ҚАЛАЙ ТАНЫМАЛ БОЛДЫ

    15 ақпан күні информатика пәнінен сабақ беретін ганалық ұстаз Ричард Акото Facebook желісіндегі парақшасында сабақ барысында түсірілген суреттерді бөлісті. Ол сабақ беретін мектепте компьютер жоқ болғандықтан, Microsoft Word сынды бағдарламаларды тақтаға суретін салу арқылы түсіндіріп келген. Жуырда аталған компания өкілдері Акото сабақ беретін мектепке компьютерлер сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lab.bit.ua сайтына сілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын Ұлыбританиядағы Лидский университетінің қызметкері оқушыларға арнап бір ноутбук беріп жіберді. 13 жасар мектеп оқушысы бұл тосынсыйға дейін компьютерлерді тек картиналардан немесе көрші қалаларға барған кезде қоқыстан көргенін айтты.
1 наурыз күні Microsoft компаниясы Акотоға компьютер сыйлап, білім бағдарламаларын пайдалануға жағдай жасайтынын хабарлады. Компания уәде еткен компьютерлерді Сингапурде өткен конференцияда табыстады.
Мұның алдында Акото өзінің мақсаты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар балаларға информатика пәнінен ұлттық емтиханға дайындалуға көмектесу екенін айтқан болатын. Себебі, ұлттық емтихан кезінде оқушылардың компьютермен жұмыс істеп көрген-көрмегені ескерілмейді. 2017 жылы Акото көмектескен оқушылардың бірі осы экзаменнен жақсы баға алды.
baq.kz


22 наурыз 2018 ж. 1 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам