Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

   ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Наурыз мерекесіне орай Орталық алаңда 30 киіз үй тігіліп, әр киіз үйге өзіндік заманға сай атау берілді: «Шығыс жұлдызы», «Рухани жаңғыру», «Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл», деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
Мұнда келген қонақтар тәтті тағамдардан дәм татып, қызықты ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. Одан бөлек, арнайы павильондарда Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылына арналған көрме ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері орналастырды. Мерекелік іс-шара барысында қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, тақырыптық сахналық көріністер мен концерт көрсетілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын  құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Биыл біз Астананың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын тойламақпыз! Наурыз бен наурыз аралығында Сыр өңірі де желкенді жетістіктер мен тағылымды табыстар ордасына айналды. 2018 жыл облысымызда Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жарияланды. Сұлу Сырдың сол жағалауынан жаңа қала бой көтеруде.  Елордамыз Астананы газдандыру - біздің Сыр өңірінен бастау алатыны біз үшін үлкен қуаныш. Осындай жақсылығы мол ізгі істермен Наурыз мейрамына аман-есен жетіп отырайық», - деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімі Титов мөлтекауданындағы бұрынғы апатты үй тұрғындары қоныстанған Тасбөгет кентіндегі мөлтек ауданға барып, жағдайларымен танысып,  Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Мереке қарсаңында жаңа үйге қоныстанған тұрғындар аймақ басшысына мәселелерін тез арада шешіп бергені үшін тағы да алғыс айтты.  Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда сенбіліктер, ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкелері, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, кеше орталық алаңда «Домбыра-думан» және «Жастар кеші» өтті. 20-31 наурыз күндері көркемсурет галереясында «Көктем лебі» көрмесінде жас суретшілер көрермендердің назарына өз өнерлерін ұсынады. Қалалық ипподромда бәйге, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу секілді ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. Тағы бір ерекшелік - биыл әрбір мерекелік күн белгілі тақырыппен өткізілді. Мәселен, 16 наурыз  - «Наурыз дәстүр»,  17 наурыз - «Наурыз-жаңару» күні болып бекітіліп, салтанатты шаралар, танымдық сабақтар мен кездесулер ұйымдастырылды.

22 наурыз 2018 ж. 1 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам