Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ӨКШЕЛІ ЕТІГІМЕН НИВА КӨЛІГІН СҮЙРЕГЕН ӘЙЕЛ ЖҰРТТЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ӨКШЕЛІ ЕТІГІМЕН НИВА КӨЛІГІН СҮЙРЕГЕН ӘЙЕЛ ЖҰРТТЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

  Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылының тұрғыны Мәдина Нұрмағамбетова тақалы етік киіп Нива көлігін сүйреді. Наурыз мейрамы қарсаңында осындай ерлік көрсеткен әйел жұртты таңғалдырды. Ол жарыс кезіндегі видеосын өзінің желідегі парақшасына жариялады.

4 балалы ана Мәдина Нұрмағамбетова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Оның бұл әрекетін желі қолданушылары ерсі көрсе, кейбірі «алып анадан туады» деп қолдау білдірді.
«Наурыз мерекесі күні бізде мәдени-спорттық шара өтті. Алғашында Нива көлігін ер азаматтар сүйреді. Кейін мектеп директоры Бекжан Қарасаев мерекелік көңіл-күй үшін бақ сынап көруді ұсынды. Көлік сүйреуге келісімімді беріп, 14 секундта 3-5 метр қашықтыққа сүйредім. Бізде бірінші орын, бас жүлде деген жоқ. Әркім өзіне сый алды», – деген Мәдина Нұрмағамбетова, ҚазАқпаратқа берген сұхбатында .
Ақшатау ауылының тұрғыны от жағып, күл шығарады, мал жайлайды. Қара жұмысты өзі атқара беретін тәрбиеші сол күні аяқ-қолының бұлшық еті ауырғанын жасырмады.
«Көлікті сүйреу қиын. Бірақ бар күшімізді салдық. Менімен бірге көпбалалы әйел де көлікті сүйреді. Кейін қолым мен аяғымның бұлшық еті ауырды, сырқырады. Бәрін ұмытып кеттік», – деді көп балалы ана.
26 наурыз 2018 ж. 1 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам