Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

  Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті мен Палатаның ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ІІ облыстық кәсіпкерлер форумы өтті.
         Шараға мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен аймақ кәсіпкерлері қатысып, кәсіпкерлердің қызметіне қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықты және әкімшілік кедергілерді болдырмау жолдары талқыланды.
         Форумда Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ғалым Едігеев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өзара әріптестік негізде жүйелі жұмыс жасап жатқандығын айтып, қос тарап ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасын қабылдағандығын жеткізді.
         Ал Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев хабарламасында: «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Кәсіпкерлер палатасымен бірге ветеринария және мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша талдау жұмыстарын жүргізген болатын. Жүргізілген таладу салық заңнамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екендігін анықтаған. Мәселен, Салық кодексіне сәйкес есептік құжаттама салық салу объектісін анықтау үшін нақты құжаттар тізбесі белгіленбеген. Осыдан тексеруші тұлға сұралатын құжат түрлері мен санын өзі анықтауға мүмкіндік беріліп отыр. Осындай мысал, салық берешегіне байланысты мүлікке иелік етуге қатысты мәселеге де қатысты бар. Салық кодексінде салық органдары құзырлы мемлекеттік органдарға қарызы бар салық төлеушінің меншігінде мүліктің бар/жоғын растау туралы сұрау жолдайтыны белгіленген. Салық заңнамасымен нақты қандай мемлекеттік органдарға сұрау салу қажеттілігі көрсетілмеген. Осы жайттың өзі-ақ құқыққа қайшы әрекет жасау мүмкіндігі басым екендігі көрініп тұр», - деді.
         Жиында кәсіпкерлер тарапынан балабақшаларға, құрылысқа, сот органдарына, мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелер қозғалды. Нәтижесінде құзырлы мемлекеттік орган басшылары көтерілген әр мәселені жеке бақылауларына алатын болып,  кәсіпкерлерді жеке қабылдауларына шақырды.
              Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
26 наурыз 2018 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам