Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КЕДЕЙ МИЛЛИАРДЕР

КЕДЕЙ МИЛЛИАРДЕР

   Сырт көзге Баба Рамдев қарапайым йога жаттықтырушысы және өткізген сабақтары үшін ақша алмайды екен. Ол пайда табудың өзге жолын тапқан...
23 жыл бұрын Гималай тауының баурайында тұратын йога жаттықтырушысы Баба Рамдев аскет болып өмір сүруге ант берген. Яғни, өмірдегі дүнияуи игіліктерден бас тартқан. Дегенмен, қазіргі уақытта Үндістанның кез келген арнасынан йоганың супержұлдызы Рамдевті көруге болады. Тіпті Үндістанның барлық қаласында ол құрған Patanjali корпорациясының тауарлары сатылатын дүкендер желісі бар. Йога жаттықтырушысының қызықты өмірі туралы Бен Крэйр есімді журналист Bloomberg Businessweek басылымында кең көлемді мақала жариялаған екен. Мақала мазмұнына үңілсек...
Рамдевтің өз сөзіне сенсек, оның мақсаты – аювердалық өнімдер шығару. Ол өнімдер тұрмыстық қажеттіліктер үшін Үндістанның көне емшілік дәстүрі негізінде жасалған. Бүгінде корпорация тіс пастасы, сабын, тазалау құралдары секілді өнімдер шығарады. Patanjali корпорациясының табысы 2012 жылдан қазіргі уақытқа $69 млн-нан $1,6 млрд-қа дейін, яғни 20 есеге өскен. Patanjali корпорациясы қазіргі уақытта Үндістанның тұтынушысы ең көп кәсіпорындарының бірі және Рамдевтің болжауынша, жақын уақытта Nestlé және Unilever секілді алпауыттарды басып озатын болады.
Тақыр кедей ретінде өмір сүре отырып, Үндістанның ең табысты кәсіпкері болу түсініксіз қарама-қайшылық екендігі анық. Бірақ Рамдевтің болмысы сондай қарама-қайшылықтан тұрады. Барлығы Patanjali-ды Рамдевтің компаниясы дегенімен, ол заң жүзінде оған иелік етпейді әрі компания директорларының қатарында да жоқ. Бір сөзбен, ол өз компаниясынан айлық алмайды. Ал компания Рамдевті «бренд» ретінде қызмет етуші ғана дейді.
Соншалық үлкен табысқа жетіп, әлемге танылғанымен, Рамдевтің жеке өмірі туралы дерек мүлде аз. Тіпті оның қай жылы туғанының өзін ешкім нақты білмейтін көрінеді. Қазір 50 жасқа таяп қалса керек дейді біреулер. Ал оның автобиографиясын жазған журналист Приянка Патак-Нарайнның пікірінше: «бизнесті, дін мен саясатты өз өмірінде түйістіре білген Рамдев – заманауи Үндістанның айнасы.»
                                                                                                      Биболат Сәтжан
26 наурыз 2018 ж. 1 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 214 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам