Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢАШЫЛ ЖОБАСЫ

ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢАШЫЛ ЖОБАСЫ

    Елбасы биыл «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 міндетті ұсынды. Бұл саяси құжат Қазақстанға әлем елдерінің тәжірибесін енгізіп, жетістікке жетудегі басты құрал болмақ. Оның 7-і «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Бұл бағдарлама негізінде «Ақылды қалалар» тұжырымдамасы жүзге асты. Ол – халықтың қолайлы өмір сүру жағдайын жақсарту үшін ресурстар мен қызметтерді басқару тиімділігін арттыру стратегиясы. Бұл жоба бойынша әлем елдері оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Елімізде осы мақсатта 11 бағыт нақтыланып, сол бойынша жұмыс істелуде. Мәселен, әлеуметтік сала, қала қозғалысы, таза қалада өмір сүру, тағы осы секілді дүниелер қолға алына бастады. Олар интернет дүние, ІТ-технолгия, онлайн жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде 16 аймаққа осы бағыттағы белгілі бір сала бекітілді. Оның ішінде Қарағанды облысына – денсаулық, Павлодар аймағына – білім саласы, ал біздің аймаққа – ақылды басқару жүйесі ұсынылды. Енді төрт жыл ішінде үздік жобалар іріктеліп, олар өзге облыстарда жүзеге асады.
Қазіргі кезде Сыр өңірі «Ақылды басқару» бағытындағы үздік жобаларды анықтауда. Осыған орай  «Hack Day» идеялар фестивалі өткізілді. Оған ІТ технологияны терең меңгерген жастар қатысты. Шара барысында онға жуық жоба үздік деп танылды. Мәселен, оқушылар газ анализаторын ойлап тапқан. Үйден газ иісі шықса, ұялы телефонға хабарлама түседі, сол арқылы қауіптің алдын алуға болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тапсырмас құрылғы смарт-палата жобасы ұсынылды. Смартфонға қондырылған басқару жүйесі арқылы науқастың ауруын нақтылап, емін белгілеп, ескертіп отырады. Олардың арасында қалаға қарасты №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Оралбек Абдуллаев та бар.
Оның ойлап тапқан жобасы – алдын ала тапсырыс беру сайты деп аталады. Қазір бәрімізге де ең құнды нәрсе – уақыт. Әсіресе, мереке күндері демалыс орындары, мейрамхана, кафе, көлік тұрақтарында едәуір мәселе туындайды. Бұл барлығымыздың басымызда кездесетін жағдай. Ал, кейіпкеріміздің басты мақсаты – осы келеңсіздікті уақыт ұттырмай дер кезінде шешу. Оралбектің айтуынша, бұл сайт арқылы кез-келген орынға алдын ала тапсырыс беруге болады. Оның атауы – «FF Orda». Сондай-ақ, көлік тұрағын да ерте брондауға мүмкіндік бар. Ол тез арада орындалғандықтан кез-келген адам уақытты тиімді пайдаланып, табысқа жете алады. Өйткені, бұл жоба – үйде отырып-ақ мейрамханаға ұялы телефон арқылы тапсырыс беріп, адам санын енгізіп, ақшаны киви-кошелек арқылы төлеуге бағытталған.
– Қызылорда қаласы үшінші жүзжылдықты елеулі өзгерістермен бастамақ. Сырдың бас шаһарында ақпараттық коммуникацияларды тиімді пайдалануға негізделген «Смарт Сити» жобасы жүзеге асырылуда. Ол халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында енгізілген стратегия. Бұл тұжырымдаманың негізі 2012 жылдан бастап қаланды. 2013 жылы «Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасы бекітілі. Демек, барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. «Ақылды қала» тұжырымдамасы негізінде білім саласы бойынша 66 бағытты қамтиды. Бүгінде оның 33-і қолданысқа енгізілген. Ұлттық білім беру деректер қоры, электронды журнал, электронды күнделік жобалары жүзеге асуда. Соңғы үш-төрт жылда қолжазбаны электронды түрде дайындауға мүмкіндік туды. Мәселен, Астанадан облысқа жедел жәрдем келетін болса, олар науқастың жағдайымен сол мезетте электронды түрде танысып, науқасқа жеткенше барлығынан хабардар болады, – деді облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Индира Ақжігітова.
Сондай-ақ, айта кету керек, Наурыз мерекесіне орай Абай даңғылы бойынан ел игілігіне берілген жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір «Ақылды қала» бағдарламасы аясында салынды. Алдағы уақытта осы жоба бойынша ақылды аялдамалар орнатылмақ.
                                                                                             Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.
27 наурыз 2018 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам