Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – ӨРКЕНИЕТ ӨЗЕГІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – ӨРКЕНИЕТ ӨЗЕГІ

  Елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына ерекше мән беріліп келеді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру шаралары басталғалы бері өркениетті өзге елдердің озық тәжірибелері қолданысқа ене бастады. Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауында да оған ерекше басымдық беріп, оның мақсатты көрсеткіштерінің бірі ретінде «Smart city» тұжырымдамасын ұсынды.Ұлт Көшбасшысының елді осындай экономикалық даму тетігіне бағыттауының да зор маңызы бар. Себебі, бүгінгідей ақпараттық-технология қарыштаған заманда IT саласын дамыту, онлайн сервис мүмкіндіктерін арттыру – басты міндет. Иә, расында, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен біз үшін бұл – үлкен серпіліс. Өйткені, өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік осындай игілікті іске көшіп үлгерді. Енді алдағы уақытта бағдарлама аясында елімізде үлкен технологиялық серпіліс жасалмақ. Бұл тұрғыда Павлодар аймағы білім, ал Қызылорда «ақылды басқару» бойынша пилоттық өңір боп бекітілгенінен хабардармыз. Сол арқылы үздік жобалар іріктеліп, өзге өңірлерде пилоттық негізде кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Ал, ол үшін біз айтып отырған IT саласына тағы да аса басымдық берілмек. Мемлекеттік бағдарлама негізінде елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын игеретін адамдар мен халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі жоғары болуы шарт. Осы меже үдесінен шығу мақсатында бүгінде жүйелі істер қолға алынып, ол нақты әрекеттермен жалғасын табуда. Расында, бұл заманауи қызмет көрсету үлгісінің бүгінгідей жылдамдылық кезеңінде аса тиімділігі жоғары. Яғни, қазір біз өмір сүріп отырған қоғам бұл жаңалыққа мұқтаж деп айтсақ та қателеспейміз. Елбасы атап көрсеткендей, әлемнің дамыған бірнеше елі бұл тетікті әлдеқашан қолданысқа енгізіп, оның игілігін көріп отырған жайы бар. Бүгінде осы бағыт аясында елімізде онлайн-сауда, электронды қызмет көрсету тетіктері кезең-кезеңімен іске қосылуда. Реттілік қызметті ұсынатын бұл жобаның тиімділігін халық та жіті түсініп, бүгінде жаңа құрылымға бой үйретіп келеді. – Аталған тұжырымдама ел өңірлерінде тұжырымдаманы жүзеге асыру тәсілін бірік¬тіруге, сондай-ақ, ең үздік салалық шешімдерді пайдалану және тираждау тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір әлеуметтік салаларды айтпағанның өзінде, ауыл шаруа¬шылығы, көлік логистика, тұрғын үй-коммуналдық шаруа¬шылық салаларында онлайн сервистердің болуын уақыт талап етіп отыр.Біздің аймақ «Ақылды басқару» бойынша бизнесті дамыту, ғимараттарды салу, таза қалада өмір сүру, ауыл шаруашылығын жүргізу, қаланы басқару сияқты 11 бағытпен жұмыс істейді. Бұл ретте Канаданың Торонто қаласының қауіпсіздік сақтау, Ресей астанасы – Мәскеу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Испанияның Барселона қаласының көлік инфрақұрылымы, Сингапурдың әлеуметтік қызметтерді көрсету, АҚШ мемлекетінің Стэнфорд қаласының дистанциондық білім беру, Ұлыбританияның Лидс қаласының медициналық көмек көрсету тәжірибелері негізге алынған, – деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова.Негізі, елімізде ақпараттық технологияларды қолданысқа енгізу осыдан бірнеше жыл бұрын-ақ сәтті басталған еді. Мәселен, қазір кез келген ұйымның, мекеменің электронды порталы іске қосылған. Мекеме есігін жағалап жүрмей-ақ ғаламтор көмегімен қалаған уақытта қажетті мәліметке оңай қол жеткізуге болады. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген жұмысты компьютер алдында отырып жүргізуге мүмкіндік мол. Құжат рәсімдеу, несие төлеу, онлайн тапсырыс беру, жол жүру билеттерін ғаламтор арқылы сатып алу, тіпті коммуналды қызмет түрлерінің ақысын, оның ішінде салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге қазір кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Ал, біз айтып отырған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы тек бұл жүйенің жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатын көздейді. Яғни, еліміз индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізудің алдыңғы қатарында болуы тиіс. Айта кетейік, цифрлық технология қоғамның әлеуметтік салаларында, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ісінде де қолданысқа еніп келеді. Мәселен, медицина мекемелерінде компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге жете мән берілуде. Ал, өткен оқу жылынан бастап мектептерде пилоттық жоба ретінде электронды күнделік енгізілуде. Сондай-ақ, мұғалімдер де атқарған жұмыстарының есебі мен жоспарларын бұрынғыша қағаз күйінде емес, электронды үлгіде де тапсыра алады.


Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

16 қаңтар 2018 ж. 2 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам