ТІЛ МЕҢГЕРУ ЖӘЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Коучингты мектеп тренері Қуандықова Гүлжайна жүргізді. Коучингке қатысушылар күз айларын ретімен атап шығып, үш топқа бөлінді. Оларға Елбасымыздың үштілділік туралы айтқан сөздерін үш тілдегі сөз қиындыларынан құрастыру тапсырмасы берілді. Негізгі бөлімде бағдарламаны мемлекетімізде жүзеге асыру жайында видео көрсетіліп, топ лидерлері жұмыстарын постерде қорғады.
Үш тілді меңгерудің маңыздылығы аясында қатысушыларға сұрақтар қойылып, жұптық диалог ұйымдастырылды. Сонымен қатар, үш топқа өздерін «EXPO-2017» көрмесіне келген шет елдік турист ретінде РАФТ әдісімен еліміз туралы үш тілдің біреуінде жазба жұмысын жазу тапсырылды. Топ мүшелері жарнама, досына хат форматтарында өз жұмыстарын таныстырды. Коучинг соңында кері байланыс жасалып, коучинг жұмысы қорытындыланды.